Польша поштасы ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған марка шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша поштасы ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған марка шығарды, деп хабарланды Фейсбуктегі EXPO 2017 Astana парақшасында.

«Бұл оқиға достықтың белгісі іспетті, әрі Польшаның Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуды қалайтынын көрсетіп отыр. Маркалардың таралымы 120 мың дана. Пошталық марканың ортасында қазіргі заманғы Қазақстанның символы - Бәйтерек орналасқан. Астанада Польша Поштасы Қазақстан Поштасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды» делінген хабарламада.

«Ең алдымен айтатыным, мен Қазақстандағы ЭКСПО көрмесінен ерекше әсер алдым. Мөлдір әйнектен жасалған едені бар шар тәрізді орталық ғимарат тілмен жеткізуге болмайтын әсерде қалдырды. Ұйымдастыру жағы да жоғары дәрежеде, әсіресе логистика. Бәрі де өте кәсіби деңгейде өтті», - деді польшалық поштаның басқарма мүшесі Павел Сковоротко.

Соңғы жаңалықтар