Пхенчханда норовирус жұқтырғандардың бестен бір бөлігі карантинде қалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында норовирус жұқтырғандардың бестен бір бөлігі карантинде қала береді, науқастардың саны 45 адам. 

Бұл туралы Ойындарды ұйымдастыру комитетінің өкілі Сон Пэк Ю мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Ауру жұқтырғандардың арасында швейцариялық екі фристайлшы бар. Оның біреуі 2015 жылғы әлем чемпионы Фабиан Бош. Екінші шаңғышының есімі әзірге белгісіз, себебі оның жақындарына спортшының норовирус жұқтырғаны туралы әлі айтылмаған.

Жұма күні Олимпиада ойындарында аталмыш инфекцияны жұқтырғандардың саны  244 адамға дейін ұлғайған.

«Бүгін науқастардың саны 17 адамға көбейді. Норовирустен барлығы 261 адам зардап шекті, 216 адам сауығып шықты»,-деді Сон Пэк Ю.

Бұған дейін ұйымның қауіпсіздік қызметіндегі 1200 адам вирусқа байланысты қызметтерінен шеттетілген. Олардың орнына 900 сарбаз әкелінген.

Соңғы жаңалықтар