Пхенчханда қазақ спортшысы Қытай құрамасы сапында өнер көрсетті

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытай құрамасы сапындағы 22 жастағы қазақ спортшысы Аршынғазы Шәкенұлы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXIII қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аршынғазы Шәкенұлы байрақты бәсекеде ерлер арасындағы 1500 метрге конькимен жүгіру сынында өнер көрсетті. Қортындысында, қандасымыз аталмыш қашықтықты 1:50.16 уақытта бағындырып, 35 спортшы арасынан 32-орынды қанағат етті.

Аршынғазы қытайлық БАҚ-қа берген сұхбатында жарыста өзінің қобалжуға бой алдырғанын жасырмады.

«Бейжіңдегі бәсекеде 1 минут 50.74 секунд нәтижесін көрсеткен едім, бүгін сол нәтижені жаңаладым. Әрине, Олимпиада ойындарына алғаш қатысып отырғандықтан толқу және қобалжу сезімі болды. Ендігі мақсат алда тағы болатын бәсекелерге дайын болу» -,деді қандасымыз.
null 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Аршынғазы Шәкенұлы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде қазақ отбасында дүниеге келген. Ол Шыңжаңның конькимен жүгіру құрамасына 2010 жылы қосылып, 1500 метрге жүгіруде Қытайдың ішкі біріншілігінің жеңімпазы атанған.

Айта кетейік, Аршынғазы 24 ақпан күні Пхенчхан Олимпиадасында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы жаппай-старт бәсекесінде өнер көрсетеді.

null 

Соңғы жаңалықтар