Пхенчхан Олимпиадасына 50-ге жуық жолдама алуды жоспарлаудамыз - Мұсайбеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Пхенчханда өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына 50-ге жуық жолдама алуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз де білесіздер, 2 айдан кейін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оған 80-нен астам елден 2 500-ге жуық спортшы қатысады. 15 спорт түрі бойынша 102 медаль сарапқа салынады. Қазақстан 9 спорт түрінен Олимпиадаға қатысады деп ойлаймыз. Біздің құрама команданың қоржынында 23 жолдама бар»,- деді ол.

Вице-министрдің дерегінше, аталған жолдамалардың 10-ы биатлонның, 10-ы шорт-тректің, ал 3-еуі мәнерлеп сырғанау спортының еншісінде. Ал қалған құрама командалар қазіргі уақытта шетелде жарыстарға қатысып, жолдамаларды ұтып алу жолында жүр.

«Біз спортшыларымызға қатты сенеміз. 50-ге жуық жолдама алуды жоспарлап отырмыз. Тағы да бір айта кететін жайт, Олимпиада туралы жедел хабар беру үшін журналистерге Риодағы тәжірибе қолданылады. Біз Оңтүстік Кореяда, Пхенчханда баспасөз орталығын ашамыз. Жалпы, спортшыларымызға сеніміміз мол. Оларға тек қана сәттілік пен жеңіс тілейміз»,- деді Сәкен Мұсайбеков.

Соңғы жаңалықтар