Петропавлға қардың 10 күндік мөлшері түсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандары мен Петропавл қаласында бір түннің ішінде қардың 10 күндік мөлшері түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті «Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сүйенсек, облыс орталығына 9 миллиметр, кейбір аудандарға 10 миллиметр көлемінде қар жауған.

«Облыстың барлық аудандарына қар түсті. Бүгін өңірдің шығыс бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Ертең антициклонның әсерінен ауа температурасы  сәл төмендейді»,-дейді филиал директоры Қымбат Мерғалымова.

Қар тазалау техникалары қала көшелеріне түнгі сағат екіде шыққаны айтылады. Қарды сыртқа шығару жұмыстарына таңертеңгі сағат 10-нан бастап кіріскен.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тазалау жұмыстарына иеліктерінде 30 шақты қар тазалау техникасы бар 7 мердігерлік ұйым тартылған.

Бұған дейін Қостанайға да айтарлықтай мөлшерде қар түскені туралы айтылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар