Петропавлдық оқушы күн биовегетарийінің жобасын әзірледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚАЗАҚПАРАТ - Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Александр Ващенко биология және физика мұғалімдерімен бірге күн биовегетарийінің жобасын әзірледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқушы биовегетарийдің жыл бойы экологиялық таза жеміс-көкөніс өсіруге мүмкіндік беретінін айтады. Оның негізінде - күн, су және жылу энергиясы жатыр. «Биовегетарийде өсірілген жемістер табиғи әрі қауіпсіз болады. Бұл үлкен табыстың да көзі. Тұтынушылар дүкендегіге қарағанда осындай өнімдерді көбірек таңдайтынына сенімдімін. Биовегетарий қондырғысында жемістер жыл бойы өсе береді», - дейді Александр Ващенко.
Қондырғының тіректері желдің күшіне шыдас беруі үшін ерекше аэродинамикалық формада жасалған, ал жылытылған қабырғалар термос қызметін атқарады. Биовегетарийдің төбесі мөлдір, жылыжайға күн сәулесі мен жылу жетіспей жатса, желдеткіштер өздігінен қосылады. Температураны реттеуіштерден тыс, жылыжайдың жарықпен қамтамасыз етілуін, топырақ пен ауаның ылғалдылығын, көмірқышқыл газдың концентрациясын бақылап отыратын арнайы «сағаттар» да ескерілген. Химиялық тыңайтқыштардан тыс, авторлар биошірінділерді пайдалануды ұсынып отыр - оны жауынқұрттар шығарады.
«Жылыжайда жауынқұрттар көбейетін арнаулы орын болады, олар қоректік қалдықтарды өнімділікті арттыратын биошіріндіге айналдырады. Алдағы уақытта қандай жауынқұрттар биошіріндіні көбірек шығаратыны туралы жоба жасамақшымын», - дейді Александр.

Жаңа жылыжай жобасының құны шамамен 15 млн теңге.

Соңғы жаңалықтар