Петропавлдық келіншек ломбардқа 1,3 млн теңгеге жалған алтын бұйым өткізген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жалған алтын бұйымын жергілікті ломбардтардың біріне 1,3 млн теңгеге өткізіп жіберген петропавлдық 27 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 5-ші қарашасында Көкшетаудағы ломбардтардың біріне белгісіз келіншек құны 1 380 000 теңгенің алтын бұйымын өткізеді. Сарапшы аталмыш алтын бұйымды тексеріп, қолма-қол ақшасында санап берген. Кейін арада 2 күн өткеннен соң ломбард қызметкерлері әлгі алтын бұйымды қайта тағы бір рет тексеріп шығады. Нәтижесінде оның беті ғана алтынмен жылтыратылған жалған бұйым екенін анықтайды. Артынша, полицияға арыз түсіреді.

«Полицейлер күдіктінің Петропавл қаласының 1990 жылы туған тұрғыны екенін анықтады. Одан түсініктеме алынды. Күдіктінің сөзінше, мұра ретінде берілгендіктен ол алтын бұйымның осыған дейін жалған екенін білмеген. Оған қоса, келіншектің өзі де Петропавлдағы ломбардтардың бірінде жұмыс істейтіні белгілі болды», деп көрсетілген хабраламада.

Қазіргі кезде, ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейін іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар