Петропавлдағы орталық алаңда этноауыл ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдықтар Наурыз мерекесін атап өту үшін мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылған орталық алаңға жиналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Петропавлдың түрлі аудандарындағы алаңдарда да жаппай мерекелік шаралар өтіп жатыр.
Орталық алаңда этноуыл орналастырылған. Мұнда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, ұлттық дәстүрлерін насихаттайтын киіз үйлер тігілді. Бірінші киіз үйде үйленуге байланысты, екінші киіз үйде - сәбидің дүниеге келуіне қатысты салт-дәстүр мен жоралғылар, 3-ші киіз үйде - қазақ халық аспаптары, 4-де - әскери өнер, аңшылықтың дәстүрлі түрлері, 5-де - қазақтың ұлттық киімдері мен әшекейлері, 6-да - ұлттық ыдыс-аяқ көрсетілімдері болды.
Биыл барлық киіз үйлер қала тұрғындары үшін ашық болды. Мұндай тапсырманы облыс әкімі Құмар Ақсақалов берген. Киіз үйлердің жанына бауырсақ, наурыз көже, шәй, тәттілер қойылған.
Орталық алаңда түрлі жануарлармен фотоға түсуге, алтыбақан тебуге, сауда-саттық жасауға болады. Сондай-ақ, Қазақстан эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепбергеннің қатысқан мерекелік концерт өтіп жатыр.
Орталық алаңда спорттық шаралар өтуде. Қала тұрғындары ұлттық ойындарға қатысып, палау мен шайдан ауыз тиюде. Кешке ретродискотека ұйымдастырылмақ. 



































Соңғы жаңалықтар