Петропавлдағы көрмеге 1900 жылғы Құран қойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ұлттық мәдениет фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вайнах» шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының өкілдері өз музейлеріндегі экспонаттарды көрмеге қойды. Көрмеге қойылған жәдігерлердің арасында ХІХ және ХХ ғасырлардағы заттар да бар.

Бағалы экспонаттардың арасында 1900 жылы араб тілінде шыққан Құран бар. Орталық өкілі Саип Байдуев қасиетті кітаптан үзінділер оқып берді.

Сондай-ақ, көрмені тамашалаушылар назарына 1810 жылғы қанжар, революцияға дейін қолданылған таразы, 1907 жылғы самауыр, 1933 жылғы телефон сынды құнды тарихи заттар ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар