Петропавлдағы көктайғақ: Бір тәулікте 80-нен астам адам жарақаттанды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 3-ші қалалық аурухананың травматологиялық пунктіне келгендер саны 84 адамға дейін артқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Травмпункт меңгерушісі Валерий Грибашовтың ақпараты бойынша, келушілердің 66-сы көшеде жарақат алса, 11 адам ауруханаға жатқызылған, олардың кейбірі шұғыл ем алуы керек.

«Жеті адамның тобығы, бір адамның  омыртқасы, үш адамның жіліншігі, жеті адамның  иығы, 16 адамның білегі және 3 адамның қабырғасы сынған.  Бес адам жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған. Көмек көрсетілгеннен кейін барлығы үйлеріне қайтарылды», - деді Валерий Грибашов.

Көктайғақ салдарынан солтүстікқазақстандық балалар да жарақат алған. Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьяловтың ақпараты бойынша, оларға бір тәуліктің ішінде бес адам келген. Екі бала ауруханаға жатқызылған. Бір баланың білегі сынса, тағы бір баланың миы шайқалған.

Еске салайық, кеше Петропавлда ауа температурасының төмендеп, жаңбыр жаууы салдарынан қала мұз айдынына айналды. Бір тәуліктің ішінде облыста 20 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, соның басым бөлігі қалада болған. 

Фото: primorye24.ru

Соңғы жаңалықтар