Петропавлдағы бірнеше тұрғын үй сусыз қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы орталық су құбырларының бірінде болған апаттың себебін мамандар анықтауда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
«Қызылжар су» ЖШС су желісі учаскесінің бастығы Александр Супониннің айтуынша, кеше М.Жұмабаев көшесінде полиэтиленді құбыр жарылып, су тасқыны орын алған.

«Сегізжүздіктің» (800 мм құбыр - ред.) бір жеріндегі тігісі шытынаған. Осы учаскедегі құбырды сегіз жыл бұрын ауыстырған. Оқиғаның себебін анықтаудамыз, бірақ апат ауа райы қолайсыздығынан болған деп ойлаймыз», - деп мәлім етті су құбыры ұйымының қызметкері.

null  

Қазір «Қызылжар су» ЖШС мамандары апаттың салдарын жоюда. Александр Супониннің сөзіне қарағанда, бес тұрғын үй сусыз қалады. Су құбыры кешке дейін қалпына келтіріледі деп уәде берді.

Су таратқыштағы апат кеше кешқұрым орын алған .  Су тасқыны М.Жұмабаев көшесінен басталып, Интернационал көшесіне дейін жеткен. Жақында ғана осы көшеде 1 қаңтар күні болған апатты жою жұмыстары аяқталған еді. 

null  

Соңғы жаңалықтар