Петропавлдағы атысқандардың соты жабық күйде өтеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Шілде айында Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына облыстық балалар ауруханасының маңында болған атыс дерегі бойынша қылмыстық іс келіп түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеу органдары бес сотталушыны бопсалаушылық, кәмелеттік жасқа толмағандарды ауыр және аса ауыр қылмысқа тарту, алдын ала келісім бойынша атыс қаруларын заңсыз беру, ұстау және сақтау, бұзақылық және Ербол Хамитовтың өміріне қастандық жасау бойынша айыпты деп танып отыр. Сотталушылардың бірі кәмелеттік жасқа толмағандықтан, аталған қылмыстық іске қатысты сот талқылауы жабық күйде өтеді», - деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Динара Төленгітова.

Айта кетейік, 28 шілде күні шамамен таңғы сағат 4-те Петропавлдағы түнгі клубтардың бірінің алдында жастар арасында жанжал туындаған болатын. Ол кезде Ербол Хамитов кішігірім жарақат алған. Келесі күнінде жанжал облыстық балалар ауруханасы маңында жалғасын тапқан. Салдарынан Ербол Хамитовтың  бытыра жарақатын алған аяғын кесіп тастады.  Оқиға қатысушылары қылмыс орнынан іздерін жасырған. Атыс жеке үйге орнатылған бақылау камерасына түсіп қалды. «Құрықтау» жоспары жарияланып, автокөлік ұсталды. Пневматикалық тапанша мен екі шолақ мылтық тәркіленді. Көлікте болған үшеудің біреуі кәмелеттік жасқа толмаған болып шықты. Қалған екеуі кейіннен қолға түсті. 

Соңғы жаңалықтар