Петропавлда жоғалған жігіттің мүрдесі табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы Александр Смирновтың мәйіті Петропавл маңында орналасқан орманнан табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 7 желтоқсан күні ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 6637 ә/б әскери қызметкерлерінің жұмылдырылуымен жүргізілген іздеу шаралары барысында Мещанский орманы аумағынан із-түссіз жоғалып кеткен 1995 жылғы Александр Сминовтың мүрдесі табылды. Күштеп өлтіру белгілері жоқ», - деп мәлім етті полиция ведомствосы.

Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық істі тергеу аясында оқиғаның жай-жапсары анықталатын болады.

Айта кетейік, Александр Смирнов 2 желтоқсан күні жоғалды. Үйінен шыққан жас жігіт қайтып оралмаған. Із-түссіз жоғалған азаматты іздеу шараларына Петропавл ішкі істер басқармасының құрамы тұтас жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар