Петропавлда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл әлеуметтік желілерінде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, апат Сүтішев-Пушкин көшелерінің қиылысында болған. Жарығы әлсіз УАЗ жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Пушкин көшесімен келе жатып, «Ауди» автомобилімен соқтығысқан.

Салдарынан үш адам зардап шеккен: «Ауди» жолаушысы және екі жедел жәрдем қызметкері. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

СҚО ІІД баспасөз қызметі 2017 жылдың 19 наурызында Пушкин және К.Сүтішев көшелерінің қиылысында жол апатының болғанын растады.

«ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша Уаз» және «Ауди» автокөліктерінің қатысуымен 3 адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы фактісі жөнінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады полиция мекемесінің баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар