Петропавлда жатақхана өртенді: 150 адам эвакуацияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жатақханалардың бірінде тұтанған өрт салдарынан 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кеше кешкісін 5-қабаттағы бөлмелердің бірінен өрт шығып, 4 және 5-қабаттар қара түтінге оранған.

Жоғарғы қабаттардың тұрғындары автобаспалдақтың көмегімен, қалған тұрғындар баспалдақ арқылы эвакуацияланған. Жалын шарпыған пәтердің тұрғындары, соның ішінде 4 жасар бала құтқарылды. Зардап шеккендерді қайта іздестіру кезінде тағы екі адам табылды.

Есікті бұзып кірген өрт сөндірушілер жана бастаған газ баллонын сөндіріп, жарылыстың алдын алды.

«Жалпы бес адам, соның ішінде бір бала құтқарылды. Жалпы 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 25 - балалар. Газ баллонының жарылу қаупі жойылды. Жалын 17 шаршы метр ауданды шарпыды, үй-тұрмыстық заттар, жиһаздар жанған. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді СҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Фото: 360tv.ru

Соңғы жаңалықтар