Петропавлда Жаңа жыл түні салмағы 4,5 келі ұл туды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мереке күндері Солтүстік Қазақстан облыстық перинаталдық орталығында 27 бала дүниеге келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Жанна Мәуітова ҚазАқпаратқа 2018 жылы ең бірінші ұл бала туғанын айтты.

«Жаңа жыл түнінде бес бала туды: үш ұл, екі қыз. Біріншісі - салмағы 4 кг 344 гр ұл. Ол - петропавлдық отбасының үшінші перзенті», - дейді Ж. Мәуітова.

Жаңажылдық мереке күндері өмірге келген 27 баланың екеуі мерзімінен бұрын туды.

Соңғы жаңалықтар