Петропавлда жабық футбол манежi ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жабық футбол манежi ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Құмар Ақсақалов футболшылар бұдан былай жыл он екi ай доп тебе алатындығын атап өтті. Өңірдегі алғашқы мұндай нысан әсіресе, Премьер-лигада ойнайтын «Қызылжар» футбол клубына ауадай қажет едi.

«Ең алдымен, бұл манеж «Қызылжар» клубына қызмет етедi. Бiз оны арнайы салдық, аяқдоп шеберлерiне барлық жағдайды жасадық. Өткен екi ойын бiздiң клубтың шеберлігін көрсеттi. Жанкүйерлер жергiлiктi клубқа зор үмiт артады. Бұл манежде жас футболшыларымыз да доп тебетiн болады», - дедi облыс басшысы.

null 

«Қызылжар» футбол клубының капитаны Әли Әлиев өңiр басшысына зор қамқорлығы үшiн алғысын айтып, команда алдағы ойындарда жақсы нәтиже көрсететініне сендiрдi. Құмар Ақсақаловқа команданың мерейтойлық белгiсi мен шарфы табыс етілді.

null 

Манеждiң жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асып жығылады. Оның алаңына алғашқы болып жас футболшылар шықты.

null 

Атап өткен жөн, былтыр Петропавлдағы үйлердiң аулаларына және мектептердiң жанына 9 шағын футбол алаңы орнатылды.

null null 

Соңғы жаңалықтар