Петропавлда үш бірдей жылу магистралі салынып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жылу магистральдарының құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Петропавл жылу желілері» кәсіпоры бесжылдық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыруда. Атап айтқанда, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиесі және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің субсидияландыруы  есебінен биыл Петропавл қаласында екі жылу желісі жөнделді.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры Игорь Рыбастың айтуынша, қазір кәсіпорын қуып жетуші рөлінде. Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2014 жылы ұзақ мерзімді кезеңге субъектілерді ауыстыруына байланысты «Петропавл жылу желілері» ЖШС-ның орта мерзімді тарифтерді қалыптастыру туралы өтініші қабылданбады. Алынған  жылу қаражаты жылу желілерін ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуге жеткіліксіз болды», - деді Игорь Рыбас.

 2016 жылы компания Еуропалық қайта құру және даму банкімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен үшжақты келісім жасасты, бұл соңғы екі жылда негізгі жылу желілерін толық көлемде қайта құруға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар