Петропавлда ұры дүкен ішінде қылмыс үстінде ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жол полициясы түн мезгілінде Петропавл дүкендерінің бірінен ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылжар ауданының 22 жастағы тұрғыны өз жұмыс берушісінен оның дүкенін тонау арқылы өшін алмақ болған. Алайда, кекшіл жігіттің әрекеті бейнекамераға ілініп, қылмыскер тура ұрлық үстінде қолға түсті.

«Дүкенге тереза арқылы кірген. Бұрын от жағушы болып жұмыс істеген жігіт бақылау камераларының қай жерде тұрғанын өте жақсы білген. Бірақ ол камералардың біреуінен бәрібір байқалып қалады. Күзетші дүкенге ұрып түсіп жатқанын полицияға хабарлады»,- деп жазады баспасөз қызметі.

4 минуттың ішінде келген тәртіп сақшылары дүкенді қоршап алады. Іштегі ұры есікті тарс бекітіп алғандықтан, полицейлерге есікті бұзуға тура келген.

«Қолға түскен күдікті дүкен кассасынан 107 мың теңге ақша және ұялы байланыс карталарын алып жатқанда ұсталды. 188 баптың 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Петропавл қаласы ІІБ басшысы Жандос Мұқатов.

Соңғы жаңалықтар