Петропавлда «Тойота Камри» дүкенге кіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында Бейбітшілік және Интернациональная көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысып, оның салдарынан «Тойота камри» автокөлігі дүкенге барып соғылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін болды. Облыс орталығының Бейбітшілік және Интернациональная көшелерінің қиылысындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тойота камри» сүт сататын дүкенге тура енген.

«ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушілер көлік құралын немесе өзге де мүліктерге зиян келтіруге әкеп соққан қауіпсіз жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 9 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін немесе оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Әкімшілік іс процессуалдық шешім шығару үшін сотқа жолданады», - деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргіуші де зардап шеккен жоқ. 

Соңғы жаңалықтар