Петропавлда тағы бір шенеунік пара алғаны үшін сотталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 1 мың доллар пара алғаны үшін Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының экс-орынбасары Есмағзұм Байбосынов сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2014 жылдан бері аталған лауазымдық қызметте болған Е.Байбосынов өткен жылы жергілікті компания өкілдерінің бірінен кәсіпкерлік қызметті жедел және кедергісіз тоқтатып берем деген уәдемен 1 мың доллар көлемінде пара алған. Бұл туралы сот материалдарында көрсетіледі.

«Петропавл қалалық сотының шешімімен Байбосынов Есмағзұм Арыстанұлы жасаған қылмысы бойынша кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыскердің дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды», - деп жазылған сот үкімінде. 

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар