Петропавлда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Есіл өзенінің арнасынан асуына байланысты облыс орталығындағы Заречный және Кожзавод кентінде 200 үйді түнде су басты. Кожзавод кенті тұрғындарының айтуынша, жиһаздар мен техниканы әрең шығарып үлгерген. Табиғи апат тек көшелер мен аулаларды емес, сондай-ақ 95 үйді де зақымдады.



СҚО әкімі Құмар Ақсақалов су тасқыны ахуалы жөніндегі күн сайынғы брифингін бұл жолы зардап шеккен мөлтек аудандарда өткізді. Бұл жерлердегі судың мөлшері азаяр емес. Екі сағатта оның деңгейі 6 сантиметрге көтерілді.



«Жағдай өте қиын. Есіл өзенінің алқабы үш тәулікте 1,7 метрге артқан. Биыл қар көп жауды, Сергеевский су қоймасы толып қалды. Бұл сулар өзенді төмен бойлай ағып жатыр. Қазір Кожзавод кентінде 95 үйді су басса, Заречный кентінде 105 үйді су шайып кетті. Судың мөлшері көбеюде. Судың деңгейі 50 см-ге көтеріледі деп күтілуде. Басты мақсат - кенттегі барлық адамдарды эвакуациялау», - деді Құмар Ақсақалов.



1,7 шақырымдық ескі дамбаны қайта тұрғызу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы кентте жаңа қорғаныс қамалы салынған болатын. Егер судың деңгейі 10 сантиметрден асса, дамба оны ұстап қала алмайды.

Соңғы жаңалықтар