Петропавлда Сегіз серінің 200 жылдығына арналған фестиваль өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Сегіз серінің 200 жылдығына арналған ІІ республикалық «Гауһар тас» оркестрлер мен ұлттық аспаптар ансамблінің фестивалі өтуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Өңірлік коммуникация қызметінің ақпаратына сәйкес фестивальға еліміздің 5 облысынан 300-дей әртіс қатысуда.

«Фестивальдің маңызы мен ерекшелігі - шығармашылық ұжымдардың өзара байланысы мен ары қарай өсуінде. СҚО филармониясының Сегіз сері атындағы концерті кештің ашылу салтанатының ең керемет туындысы болды», - дейді оркестр жетекшісі Қайырлы Ғафуров.

Астана қаласы филармониясының халық музыкасы ансамблінің жетекшісі Тоғжан Жахин мұндай фестивальдерді өткізуді ұйымдастырушылардың тарапынан үлкен батылдық қажет ететіндігін ерекше  атап өтті.

Фестивальге Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының солисі Мұхит Ахметов алғаш рет қатысты.

«Біздің ұлттық әндеріміз бен күйлеріміз, ұлттық шығармаларыз жас ұрпақ өз тамырларын ұмытпауы үшін қажет. Соңғы жылдары Сегіз сері шығармашылығымен айналысатын ғалымдар көптеген халық әндерінің Сегіз серіге  тиесілі екендігін дәлелдеп берді. Енді оны көп адам білетін болады»,-дейді М.Ахметов.

Фестиваль аясында 4 концерт өтті. Кеш соңы ауқымды гала-коцертке ұласты.
null null null null 

Соңғы жаңалықтар