Петропавлда «Сал-серілердің серкесі» атты ақындар айтысы мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында Сегіз сері (Мұхамедқанапия) Баһрамұлы Шақшақовтың 200 жылдығына арналған «Сал-серілердің серкесі» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Айтыс өнерін дамыту, ақындардың шеберлігін шыңдай түсу мақсатында ұйымдастырылған айтулы додаға барлығы 16 ақын қатысып, бақ сынады.

Қазылар алқасының шешімімен сайыс қорытындысында бас жүлдені (Renault Duster автомобилі) белгілі айтыскер ақын, алматылық Ринат Зайытов жеңіп алды. Қарағандылық Мақсат Ақанов бірінші жүлдені (1 млн теңге) қанжығасына байласа, батысқазақстандық Жансая Мусина мен солтүстікқазақстандық Жарқын Жұпархан екінші орынға (500 мың теңгеден) көтерілді. Сондай-ақ семейлік Әсем Ереже, алматылық Қазірет Бердіхан, Болатбек Оразбаев (Алматы облысы) үшінші орынға (300 мың теңгеден) ие болды.

«Айтыс жоғары деңгейде өтті. Мен солтүстікқазақстандық Жарқын Жұпарханмен сахнаға шықтым. Ең бастысы, ақындар өнеріне көрермендер қошеметі ерекше болды», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне Жансая Мусина.

Соңғы жаңалықтар