Петропавлда ресурстық робототехника орталығы ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петрпавл қаласындаға С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Makerspace» ресурстық робототехника орталығы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұл орталық жалпы білім беретін мектептерге өте қажет. Мұнда балалармен қатар ересектерге де арналған құралдар бар. Атап айтар болса, электрондық құрылғыларды қашықтықтан қосуға мүмкіндік беретін арнайы аспаптар бар, бұл микробақылау арқылы түрлі дүниелер жасауға болады», - дейді Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі информатика пәнінің мұғалімі Виталий Мельников.

Қажетті оқулықтар мен құрылғыларды кітапханаға Қазақстандағы АҚШ Елшілігі жеткізіп берген. Орталықта «Бағдарламалау негіздері» факультативтік курстарын күшейту жоспарланған.

Кітапхана қызметкерлері «Makerspace» орталығына кез-келген адам келе алатынын айтады. Әзірге сабақтар тәлімгердің көмегімен аптасына екі мәрте ұйымдастырылады. Егер сабаққа деген сұраныс жоғары болса, кітапхана робототехника сабақтарын күн сайын өткізбек.
Мейкерлер қозғалысы АҚШ пен Ресейда жақсы дамыған. Қазақстанда 2015 жылы пайда бола бастады. Ондағы басты мақсат -  кез келген адам электрондық заттарды өз қолымен жасап үйренеді. Мейкерлердің ең көп әуестенетін дүниелері робототехника, электроника, 3D-көшірмелер, бейне ойындар жасау және осыған ұқсас басқа да мүмкіндіктер.

Соңғы жаңалықтар