Петропавлда ПИК-тер цифрландырылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Ақылды қала» тұжырымы таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Цифрлық технологияларды қаладағы ПИК жұмыстарына енгізу жоспарлануда. Қала әкімі Марат Тасмағамбетовтың айтуынша, «Е-ПИК» жобасы қазір пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Интернет-портал жасалып, автоматтандырылған энергия тұтыну жүйесі енгізілген. Жылдың соңына дейін коммуналдық қызмет ақысын төлейтін мобильді қосымша енгізу жоспарланып отыр.

«Е-ПИК» бағдарламасы, ең алдымен, тұрғындар үшін жасалынып жатыр. Олар ПИК-ке төлеп жатқан қаржының қайда жұмсалатындығы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік алады», - деді Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дәулет Қалиасқаров.

Қазір аталмыш жобаны бірнеше ПИК пен «Тұрғын үй қызметі» ЖШС-да енгізіп жатыр. Төрағалар қосымшаны жасап шығарған компанияда дайындықтан өтуде. 

Соңғы жаңалықтар