Петропавлда өртте 2 жасар бала көз жұмды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы жер үйлердің бірінен өрт шығып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ТЖД-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт 14 қаңтар күні кешқұрым болған.

«Өрт орнынан 1927 жылы туған әйел мен 2015 жылы дүниеге келген ұл баланың денесі табылды. Тілсіз жау тұрғын үйдің төбесі мен шытырын тұтас жалмаған. Өрт шалған аумақ 99 шаршы метрді құрады. Себептер анықталу үстінде», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар