Петропавлда көшелер мен аулаларды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Рабочий кентінде көшелер мен жол жөнделеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір қаланың 8 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыс түрін қалалық 11 магистральда жүргізу жоспарлануда. 50 көшенің - 25,1 мың шаршы метр алаңында ойық, шұңқырларды жөндеу жоспарланған.

null 

ТКШ бөлімі автомобиль жолдары секторы меңгерушінің міндетін атқарушы Ғали Әбдірашевтің ақпаратына сәйкес, осы жылы 40 шақырым - 70 көшеге қиыршық тас төсеу көзделген. Аулаішілік жөндеуді қажет ететін 99 аула анықталды. 18 мың шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз.

«Су тасқыны кезінде су шайған жолдарды жөндеу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленуде. Сондай-ақ биыл қала бойынша шамамен 40 аялдама павильоны және бес қиылысқа заманауи бағдаршам орнату жоспарлануда», - деп атап өтті Әбдірәшев.

null 

2017 жылы Петропавлда жол жөндеуге қалалық бюджеттен 1 миллиард 820 миллион теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар