Петропавлда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында наурыз айынан бастап қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы көтеріледі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тасымалдаушылар тиісті өтінімді беріп қойды. «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы  Галина Семенованың айтуынша, тариф барлық есеп бойынша 105 теңгеге дейін ұлғаюы тиіс. Бұған барлық шығындар,  қызметкерлердің жалақысын көтеру  де кірді.

«Қалалықтар үшін бұл сома қалталарына ауыр соғатынын түсінеміз. Сондықтан да келісуде жолақы 80 теңгеге ұсынылды. Бұл солтүстік өңір үшін орташа баға», - деді Галина Семёнова.

Қазіргі жолақы 65 теңге.  Келісудің барлық қажетті рәсімдері аяқталған соң, тариф 10 наурыздан бастап қымбаттайды.

Айта кетрліңгі, қазір Петропавлда жолаушылар тасымалдайтын 11 компания бар. Күн сайын қала көшелеріне 300-ден астам қоғамдық көлік шығады.

Соңғы жаңалықтар