Петропавлда кенеттен жол опырылып екі көлік шұңқырға түсіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында екі көшенің қиылысындағы жол опырылып түсіп, екі көлік шұңқырға құлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«4 қазан күні сағат 17:00-дер шамасында Мира мен Крепостной көшелерінің қиылысындағы жол опырылып түсті. Болжамға сәйкес, бұған жер астындағы жылу жүйесі магистралінің зақымдануы себеп болған. Сол жерде пайда болған шұңқырға 2 автокөлік түсіп кетті», - делінген СҚО ІІД таратқан хабарламада.
Полиция дерегі бойынша шет ел көлігінің бірі шұңқырдан өз күшімен шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Тәртіп сақшылары аталған аумақты қоршап, жол қозғалысын реттеуге кіріскен. Ал, коммуналдық қызметтің жұмысшылары жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар