Петропавлда қазақ театрының құрылысы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында қазақ театрының құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Әкімдіктен мәлім еткендей, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Петропавлда салынып жатқан бірқатар нысанның құрылыс алаңдарында болды.

Алғашқы нысан - Жамбыл көшесiнiң бойында бой көтеріп жатқан жаңа театр. 500 орынға шақталған театр неоклассика стилiнде тұрғызылмақ. Өңiр басшысы жаңа театрда кез келген халықаралық iс-шараларды өткiзуге болатындығын атап өттi. 2018 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, 2019 жылы iшкi әрлеу жұмыстарына кірісу жоспарлануда.



Келесi нысан - Жамбыл көшесiндегi 9 қабатты үй мен сауда орталығының құрылысы. Ұзаққа созылған нысандарды аяқтауға биыл «Сұлтан» компаниясы кірісті. Олар 2019 жылдың соңына дейiн тапсырылатыны көзделуде.

Одан кейін өңiр басшысы оқушылар сарайы мен теннис орталығының құрылыс алаңында болды. Спорт нысаны жылдың соңына дейiн қолданысқа берiледi.

Жамбыл көшесiнiң бойында тағы бір тұрғын үй кешенi бой көтередi. Үш  көпқабатты тұрғын үй 698 пәтерге шақталған. Баспана 2018 жылы тапсырылмақ.

Облыс әкiмi көпiрдi қайта жөндеу жұмыстарымен де танысты. Бұл жұмыстар жоспар бойынша 2018 жылдың қараша айында аяқталуы тиiс. Алайда, Құмар Ақсақалов қайта жөндеудi тамызда айында аяқтауды тапсырды. Бұл жерде тұрғындар мен қала қонақтарына арналған көру алаңы да ашылмақ.


Соңғы жаңалықтар