Петропавлда қаңғыбастарға жылы көрпелер таратылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Қызыл жарты ай» қоғамының қызметкерлері қаңғыбастардың жылынып алуына арналған орындарға жылы көрпелер алып келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, департамент басшылығының бастамасымен ашылған үйсіз адамдарға арналған түнгі жылу бекеттері Петропавлда үшінші маусым жұмыс істеп тұр. Қатты аяздарда аталмыш орын адамдарды тәулік бойы қабылдайды.

«Бұл орын жұмыс істеп жатқан уақыттың ішінде үсік шалу фактілері тіркелген емес. Мұнда қоғамдық ұйымдардың, қайырымдылық қорларының көмегімен тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға тамақ беріледі», - деді СҚО ІІД бастығының орынбасары Думан Таев.

«Қызыл жарты ай» қоғамы СҚО-дағы бөлімшесінің директоры Сәуле Оразова жылы көрпелердің түнгі жылу бекетіндегі адамдардың қажетіне жарайтынына сенімді.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, полицейлер аязды күндері ауылдарды, облыс орталығындағы жер үйлер аумағын ерекше бақылауға алады.

 

Соңғы жаңалықтар