Петропавлда қабырғасы опырылған үй: Тұрғындары уақытша пәтерге орналастырылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының әкімдігі сенбі күні қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына пәтер жалдап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТКШ бөлімінің ақпаратына сүйенсек, апаттық үйде үш отбасы тұрып жатқан. Олардың барлығы уақытша баспанамен қамтамасыз етілді.

«Уральская көшесіндегі үй 8 пәтерден тұрады. 2015 жыл бұл ғимарат кешенді зерттеулер нәтижесінде апаттық үй ретінде танылған. Қажетті құжаттарды рәсімдеген үш отбасы баспана кезегіне тұрған. Қалған бес пәтерде ешкім тұрмайды. Қала әкімдігінен көмек сұраған үш отбасы уақытша баспаналарға орналастырылды», - деп хабарлайды ТКШ.

Тұрақты баспана мәселесін қала басшылығы жуықта шешеміз деп уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Петропавл қаласындағы Уральская көшесінде күл блогынан салынған екі қабатты 8 пәтерлі үйдің қабырғасы опырылып құлады. Оқиға кезінде үйде 8 адам болған, олардың ішінде 2 бала бар. Адамдар ғимараттан қауіпсіз жерге көшіріліп, қос қабатты үй қоршауға алынды.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, құлаған қабырғаның жалпы ауданы 10 шаршы метр.

Соңғы жаңалықтар