Петропавлда екі қабатты үйдің 10 шаршы метрлік қабырғасы құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 сәуір күні сағат 15:00-де Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД жедел кезекшілік қызметіне Петропавл қаласындағы Уральская көшесінде шлакоблоктан салынған 2 қабатты 8 пәтерлі үйдің қабырғасы құлап кеткені жөнінде мәлімет түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД Жедел әрекет тобы оқиға орнына бірден келді. Төтенше жағдай кезінде үйдегі 3 пәтерде  8 адам болған, (қалған 5 пәтерде ешкім тұрмайды) олардың ішінде 2 бала бар. Адамдар ғимараттан қауіпсіз жерге көшіріліп, қос қабатты үй қоршауға алынды.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, құлаған қабырғаның жалпы ауданы 10 шаршы метр.

Төтенше жағдай орнында СҚО ТЖД басшылығы, Петропавл қаласының әкімі, жергілікті құқықорғау және атқарушы органдардың өкілдері болды. Петропавл қаласы әкімдігінің шешіміне сәйкес, үйдің 3 пәтерінде тұратын 13 адам  уақытша баспанамен қамтамасыз етілетін болды.

Соңғы жаңалықтар