Петропавлда екі адамның өліміне қатысты 54 жастағы күдікті қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының ІІБ қызметкерлері ерлі-зайыпты екі адамның өліміне қатысты күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сайжайда тұратын адамдардан ерлі-зайыпты көршілерінің бірнеше күн бойы көрінбей кеткені туралы хабарлама түскен. Түнгі уақытта шағым түскен үйге барған құқық қорғаушылар 63 жастағы әйел мен оның 59 жастағы күйеуінің өлі денесін тапқан.

«Алғашқы сатыдағы жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында із жасырып үлгермеген 1962 жылғы Петропавл қаласының тұрғыны қолға түсті. Ол бұрын да қылмыстық әрекеті үшін заң алдында жауап берген. Қайтыс болған адамдардың көршісі болған», - деп хабарлайды Петропавл қаласы ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Асан Мейрамов.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғаннан кейін күдікті кінәсін бірден мойындаған. Екі адамды өлтіруінің себебі өзара келіспеушілік болған көрінеді. Ескі қастық екі адамның өліміне әкеп соққан.

Аталған жағдай бойынша ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда ол 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Соңғы жаңалықтар