Петропавлда бокстан бұрынғы әлем чемпионымен жаттығу өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың басты алаңында бокстан бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов барлық қатысам деушілерге жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпыға ортақ жаттығуға қаланың жүздеген тұрғындары келіп қатысты. Жанат Жақиянов халыққа жаттығу жасатып, өзінің жанкүйерлерімен суретке түсті. Ұл балалар танымал жерлестеріне тамсана қарап, боксшының көрсеткен қарапайым жаттығуларын айна қатесіз орындауға тырысты.

«Жерлестерімнің салауатты өмір салтын таңдағандарына ризамын. Бұл шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Мен таңертең ұйқыдан тұрған соң жасауға болатын аса қиын емес жаттығуларды көрсеттім. Барлығын белсенді түрде спортпен айналысуға шақырамын», - деді боксшы.
Спорттық іс-шара фитнес-жаттықтырушылардың шеберлік сабақтарына ұласты.
nullnull

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар