Петропавлда «балгермін» деп адамдарды алдаған әйел ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының ІІБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 53 жастағы Мамлют ауданының тұрғынын қамауға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полиция қызметкерлеріне бір апта бойы алаяқтыққа қатысты арыздар келіп түсе бастаған. Жәбірленушілер арызында белгісіз әйелдің рәсімдерді орындап, ауруларды емдеуге және болашақты болжауға болатынын айтып алдағанын жазған. Дегенмен, емнен кейін адамдардың үйінен ақша жоғалып кеткен.

«Тіпті бір жағдайда әлгі әйел көшедегі бейтаныс әйелге жақындап денсаулығын сұраған. Жәбірленуші аяғының ауыратынын айтып мұңын шағады. Қалалықтың үйіне келген күдікті өзінің салт-жораларын орындап, жастықтың ішіне зергерлік бұйымдар мен ақшаны тігіп қоюды сұраған. Үй иесі басқа шаруаға айнала бергенде алаяқ әйел ақшаны алып кеткен», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Петропавл қаласының ІІБ бастығының орынбасары Асан Мейрамовтың айтуынша, күдікті әйел қалаға сауда жасауға келген. Қазіргі уақытта аталған оқиға байланысты ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар