Петропавлда ауыз су құбырындағы апат жойылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда су таратқышта болған ақау жөнделді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кеше кешкісін 15 тұрғын үй мен 4 әлеуметтік нысанда су пайда болды.
«Сағат 21:00-де су берілді. Апатқа құрылыс кезіндегі жіберілген кемшілік себеп болуы мүмкін», - дейді «Қызылжар су» ЖШС бас инженері Сергей Визеров.

Еске сала кетсек, кеше су таратқышта болған апат салдарынан 15 көпқабатты тұрғын үйге, балалар және жасөспірімдер шығармашылығы облыстық орталығына, мектеп және ішкі істер департаментіне су беру тоқтатылған болатын. Суды дер кезінде тоқтату үйлер мен көшелерді су басуының алдын алды.

Апат қаладағы 6 су таратқыштың бірінде болған. Ол былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасына орай алмастырылған. Сергей Визеровтың айтуынша, су таратқышқа 2 жыл кепілдік беріледі.

Соңғы жаңалықтар