Петропавлда ашық аспан астында оқу залы жұмыс істейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Жазғы оқу залы Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының алдындағы алаңда ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null

Мұнда кез келген адам өзі қалаған кітапты оқуына болады және оқырман билетін рәсімдеу қажет емес. Кітапханашы Антон Андреевтің айтуынша, залда үш тілдегі ең қызықты және танымдық кітаптар жинақталған.
«Оқу залының кітап қорына классикалық кітаптан басқа, интерьер дизайны бойынша танымал басылымдар, бағбаншылық, декоративтік-қолданбалы өнер, бос уақытта оқуға арналған журналдар, балалар кітаптары, соңғы мерзімді басылымдар кірген. Қазақ тілінде - 91, орыс тілінде - 167, ағылшын тілінде - 30 кітап бар. Балаларға арналған ойындар да жоқ емес», - деді Антон Андреев.
Кітапханашылардың айтуынша, күніне мұнда 40 адам келеді.
«Буккроссинг» жобасы аясында жазғы оқу залында өз кітабыңды басқа ұнаған басылымға ауыстыруыңа болады.
Петропавлдағы жазғы оқу залы қыркүйек айына дейін жұмыс істейтін болады.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар