Петропавлда арақ зауыты жұмысын қайта бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов жұмысы қайта жанданған «Петропавл арақ зауытында» болды. Кәсiпорынның жаңа инвесторы - «Nord Food» компаниясы. Зауыт 1,5 ай бойы тоқтап тұрды. Қазiр өндiрiс қайта жанданды. Жаңа басшылық зауытта жаңғырту жұмыстарын жүргiзудi көздеп отыр. Құмар Ақсақалов зауыттың жұмыс орындарды көбейтiп, жалақыны өсiруге зор мүмкiндiгi барын атап өттi. Бұл туралы СҚО әкімі басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Бұл кәсiпорын тұрақты жұмыс жасайды деп сенемiз. Зауыттың болашағы бар. 3,1 млрд теңге акциздың қазiр 2 млрд теңгесi ғана төлендi. Қалған сомасы жыл аяғына дейiн төленедi. Бiрақ бұл төмендетілген жоспар. Ол келесi жылы артуы тиіс. Жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Еңбекақы қорын да ұлғайтқан абзал. Өкiнiшке орай, орташа еңбекақы жоғары емес. Инвестор зауытта жаңғырту жұмыстарын да жүргiзедi», - дедi Құмар Ақсақалов.
null 

«Петропавл арақ зауытының» директоры Еркiн Айдарханов бұдан былай кәсiпорын тұрақты жұмыс iстейдi деп сендiрдi.

«Зауыттың алдында тұрған бар мiндеттердi орындаймыз. Бiрiншiден салық бойынша, екiншiден әлеуметтiк мiндеттер бойынша жұмыс орындарын сақтау. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашамыз», - дедi Еркiн Айдарханов.

Қазiр зауытта 168 адам еңбек етедi.

Соңғы жаңалықтар