Петропавлда 2,7 млрд теңгеге бөгет салынуда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы Кожзавод ауылында судан қорғайтын бөгет салынып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Петропавл әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінген.

«Қайта салу жұмыстары барысында ұзындығы 3,1 км судан қорғайтын бөгет салынатын болады. Қазіргі уақытта құрылыстың 70% жұмысы орындалды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

null 

Бөгет құрылысы былтырғы жылдың тамыз айында басталған. Ол кезде ұзындығы - 883 метр, биіктігі 3,5 метр  қоршау салынған болатын. Бұл бөгет Кожзавод ауылындағы үйлердің басым бөлігін Есіл өзенінің тасқынынан аман алып қалған еді. Алайда, биылғы жылғы қатты тасқын салынған қоршаудың қала маңын қорғауға  дәрменсіз екенін дәлелдеді. Есіл өзені биылғы көктемде жағасынан 9 метрге дейін жайылып, су деңгейінің жоғарылауы 9 метрге дейін жетті. Кожзавод қаланың ең көп зардап шеккен аудандарының бірі. Мұнда 100-ден астам үйді су басып қалды.

Құрылыс алаңына соңғы сапарында СҚО әкімі төтенше жағдайдың қайталанбауы тиістігіне баса назар аударып, бөгет бекітілген мерзімде аяқталатынына сендірді.

null 

«Сапалы бөгет судың өтуіне жол бермей, ескі арнамен ағып кетуге тиіс. Сол себепті Кожзавод ауылына келесі көктемде қауіп төнбейді деп сенеміз», - деді Құмар Ақсақалов.

 

Соңғы жаңалықтар