Петропавлда 100 аулаға асфальт төселеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Петропавлда 100 кіреберіс аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жаспарланып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл әкімдігі автомобиль жолдары секторы орынбасарының міндетін атқарушы Аман Рақымжановтың айтуынша, жолдарға асфальт төсеуге 300 млн теңге бөлінді.

«2017 жылы шамамен 100 кіреберіс аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілетін 97 аула анықталды. Бүгінгі таңда 46,3 мың шаршы метрді қамтитын 65 ауланың жөндеу жұмыстары аяқталды», - деді Аман Рақымжанов.

Қала бойынша жолын жөндеуді қажет ететін барлығы 400 аула бар. Былтырғы жылы - 107, 2015 жылы небәрі 8 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Биылғы жылы қаланың 7,3 км-ге созылатын 8 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Тротуарлар қондыруға 70 млн теңге бөлінді.

null

Соңғы жаңалықтар