Петропавл тұрғындары қанның құрамындағы қантты тегін тексере алады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ауруларды сауықтыру бойынша науқан бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Петропавлдағы ірі сауда үйлерінің бірінде №1 қалалық емханасы мен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың медициналық қызметкерлері артериялық қысымды, қандағы қант пен холестериннің деңгейін тексеруді, АИВ-ға экспресс-тест тапсыруды тегін ұсынып жатыр.

«Негізінен онда ересек, қарт адамдар келіп жатыр. Көбінің қан қысымы жоғары. Олардың кейбірі тіркеуге тұрмаған. Біз оларға учаскелік терапевтке баруға кеңес бердік. Инсульттің алғашқы белгілері, артериалық гипертензияның қаупі туралы айттық», - деп атап өтті емхананың СӨС фельдшері Елена Подорванова.
null

Мұндай науқандар өңірде былтырдан бері тұрақты түрде өтіп тұрады.

Соңғы жаңалықтар