Петропавл полицейлері жолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруді перзентханадан бастады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат  -  Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері балаларды арнайы орындықсыз (автокресло) тасымалдап жүрген көлік иелерін анықтауда, деп хабарлады СҚО ІІД-ге сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірде жыл басынан жол апатында 15 бала зардап шеккен. Оның бесеуі жолдан рұқсат етілмеген жерден өткен. Осы жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігі  шарасын өткізуге негіз болды.

«Онкүндік шара барысында жүргізушілердің  қауіпсіздік белбеуін тағуына, мотоцикл жүргізушілері мен олардың жолаушыларының дулығалар киюіне бақылау күшейтілді», - деді СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Полицейлер жолдағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын алдымен перинаталдық орталықта жаңа босанған әйелдер арасында жүргізді. 

Жас жолаушылардың қауіпсіздігіне қатысты әңгіме қоғамдық көлік және такси жүргізушілерінің қатысуымен де өтті.  Науқан барысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді. 10 күнде қала мен  облыс  жолдарында 3,5 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталды. 22 жүргізушіге - баланы арнайы   құрылғысыз тасымалдағаны үшін, 700-ден астам жүргізушіге қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін айыппұл салынды.  

Соңғы жаңалықтар