Петропавл мектептерінде терактілерден қорғану жолдары үйретілуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Азаматтық қорғау басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектептеріндегі бастауыш сынып мұғалімдерін оқытуды ұйымдастырды, деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар педагогтарға төтенше жағдай орын алғанда қандай шаралар қабылдау қажеттігін үйретті.

№3 өрт бөлімшесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Жанат Хаирлин мектептердегі өртті сөндірудің ерекшеліктерін түсіндіріп, балаларды қауіпсіз аймаққа көшірудің тиімді әдістерін көрсетті. №17 ұлттық жандану орта мектеп-кешенінің 4-сынып оқушылары оқыту аясында қауіпсіз жерге көшірілді.

Апатты медицина орталығы филиалының қызметкерлері - дәрігер Ольга Дудкина мен бригада фельдшері Геннадий Заболоцкий зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жолдарын үйретті.

Оқу барысында террористік акт кезіндегі төтенше жағдайда халық пен лауазымды тұлғалардың әрекеті жайлы дәріс оқылды.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар