Петропавл көшелерінде жол қозғалыс реттейтін әйел сақшыларды жұрт таңданыспен қабылдады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -   Петропавлда жергілікті полиция қызметінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әйелдер взводы құрылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.   

СҚО ІІД баспасөз қызметінде құрамында 10 әйел бар взвод жол қозғалысын реттейді. Әзірге олар мереке күндері, жолда қауіпсіздік күшейтілген кезде ғана шығады.

 «Біздің ведомствода әйелдер ерлермен тең қызмет атқарады. Олар жолда құқықтық тәртіпті реттеуге алғаш рет жұмылдырылуда. Біз жолда жүретіндердің реттеу қағидаларын  назарға алғанын, реттеушінің ым-ишарасын зерделеу қажеттігін,  жауапкершілікті сезінгенін қалаймыз», - деді жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Бір ай аралығында тәртіп сақшылары тағылымдамадан, оқытудан өтті. Бірінші күндері олар ер әріптестерімен бірге қиылыстарда жұмыс істеді. Қазір жұмыстарын өздері атқарып  жүр.

Жол-патрульдік полиция инспекторы полиция капитаны Индира Төлеуова жолда тұрған инспекторлардың жұмысы күрделі, жауапты екені жайлы ойламағанын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар