Петропавл колониясында құрылыс материалдары өндірілуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл колониясында СИП-панельдерін өндіріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА СҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасына сілтеме жасап.

«СҚО Арғын» ЖШС жобасы кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына енгізілген. Түзеу мекемесінде орналасқан өндірісте 13 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын директоры Ибрай Салықовтың айтуына қарағанда, СИП-панельдерін құрылыста кеңінен қолданылады.

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек кәсіпорын жұмысымен танысты. Индустриалық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Асановтың айтуынша, бұл жоба Мемлекет басшысының базалық салаларды дамыту бағытына қойған талаптарын жүзеге асыруға жасалған қадам болмақ.

«Аталған карта мамыр айында жандандырылды. Оған 4 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 4 жоба қосылды. 2 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», - деді Жеңіс Асанов.   

Соңғы жаңалықтар