Петропавл қаласының орталығында автомобиль аударылып қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -Петропавл қаласының орталығындағы Мир және Абай көшелерінің қиылысында автомобиль аударылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттер мен видеолар әлеуметтік желілерге тарап жатыр.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Мир көшесімен келе жатқан ФАТ автомобилінің жүргізушісі солға бұрылған кезде Audi көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан екі көлік соқтығысып қалды. Екі жүргізуші де ішімдік ішпеген. Көліктегі адамдардың барлығы аман, ешкім зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ФАТ автомобилінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар