Петербургке танктер колоннасы кіріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 тамыз күні таңертең Петербургте әскери техникалар колоннасы пайда болды. 

Бұл жайлы «Фонтанка» хабарлайды.

Басылым мәліметінше, құм түстес танктер Гутуев аралында байқалған. Олар жүк платформалары бар машиналармен жеткізілген. Бірнеше платформалар «Санкт-Петербург теңіз порты» ААҚ автобазасы аумағының шыға берісіне тоқтады. Сондай-ақ, олар Невельский және Шотландский көшелерінен де байқалған.

Танктердің біріне үш түсті ту орнатылған. «Фонтанканың» бірнеше сұхбаттасушыларының мәліметінше, бұлар Петербургке жөндеу үшін Сириядан әкелінген. Басқа мәліметтерге сүйенсек, техникалар Тәжікстанға тиесілі. 

Басылым Батыс әскери округі өкілдерінен әзірге ешқандай нақты мәлімет ала алмай отыр. 

Соңғы жаңалықтар