Перудің бұрынғы президентіне рақымшылық жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перу президенті Педро Пабло Кучински бұрынғы басшы Альберто Фухимориге рақымшылық жасады, деп жазады Associated Press . 

Агенттіктің хабарлауын қарағанда, үкіметтің шұғыл отырысында осындай қаулы қабылданған.

Адам құқықтарының бұзылуы және сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, түрмеге жабылған Перудің бұрынғы басшысы онкологиялық аурудан зардап шегіп отыр.

Еске сала кетсек, 79 жастағы Фухимори 25 жылдық бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан болатын. Соттың шешіміне қарағанда ол 200 миллион доллар қаржыны жымқырған.

Соңғы жаңалықтар